• Лицензия

    ISO 123 - 2020
  • Аккредитационное свидетельство

    IA-B № 0128 от 23 декабря 2019 года
By - Колледж ЕАГИ

«ENTREPRENEUR plus EAGI»

06.02.2020ж ЕАГИ колледжінде «ENTREPRENEUR plus EAGI» HUB таныстырылымы өтті. Оның мақсаты кәсіпкерлік мәдениетті қалыптастыру, студенттердің кәсіпкерлік қызмет саласындағы білімін арттыру, келіссөз алаңдары мен тәжірибе алмасу, бизнес-идеяларды дамыту және толық қолдау болып табылатын.
Англиядағы сәтті кәсіпкер Венди Брейквелл ЕАГИ колледжінде студенттік кәсіпкерліктің негізгі бағыттарымен таныстырылды: Аударма ісі мамандығының студенті Кулбатыр Жасулан «ENTREPRENEUR plus EAGI» HUB логотипін құру туралы идеяны ұсынды; «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттері 3D экскурсияларын, WEB сайттары мен баспа өнімдерінің эскиздерін жасау кезеңдерін көрсетті; «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының студенттері сәндік-қолданбалы өнердің өнімдерімен таныстырды.
Венди Брейквелл ЕАГИ колледжі студенттерінің кәсіпкерлік идеяларына риза болды. «ENTREPRENEUR plus EAGI» HUB ашылуы Атамекен АЭС, British Council және Capital City College Group UK қолдауымен өтті.