• Лицензия

    ISO 123 - 2020
  • Аккредитационное свидетельство

    IA-B № 0128 от 23 декабря 2019 года
By - Колледж ЕАГИ

Депутатпен кездесу туралы есеп

2020 жылдың 26 ақпанында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде орналасқан Қазақстан Халқы Ассамблеясының кафедрасының ұйымдастыруымен Мәжіліс депутаты, Қазақстан Халқы Ассаблеясының мүшесі, «Вайнах» шешен-ингуш этносының төрағасы Мурадов Ахмет Сейдарахмановичпен кездесу өтті. Бұл кездесу бірінші наурыз күні аталып өтілетін «Алғыс айту» күніне арналды. Бұл кездесуге ЕАГИ колледжінің қоғамдық пәндер оқытушысы Оспанов Асылхан Есимханович, ДВР-011 тобының студенттері Гончарова Кристина, Груздева Арина, Нагорная Дарья, Чипизубова Алена, Штоль Виктория. Сөйлеген сөзінде халық қалаулысы еліміздің Парламентінің жұмысы туралы, Қазақстан Халқы Ассамблеясының этностарды біріктірудегі рөлі туралы, жастарға бизнеспен айналысу үшін қабылданған заңдар туралы, еріктілер жылы туралы айтып өтті. Кездесу өте әсерлі, қызықты, өте пайдалы болды.