200 akorda

200 egi.kz

200 platonus

200 g-global

200 mail-ru

1.Жалпы ережелер

1. Еуразия гуманитарлық институты колледжінің оқуға қабылдау ережесі (әрі қарай- ереже) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына (әрі қарай – Заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 130 «Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 12 мамырдағы № 288 қаулысы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар»), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 200 бұйрығы және 2015 жылғы 06 тамыздағы № 107-1346. 2015 жылы 09 қыркүйекте № 943 «Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысымен оқуға қабылдаудың тәртібін белгілейді.
2. «Еуразия гуманитарлық институты колледжі» мекемесіне Қазақстан Республикасының азаматтары, негізгі орта (жалпы негізгі), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастапқы кәсіптік және орта кәсіптік), ортадан кейінгі, жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар қабылданады.
3. Колледжге оқуға түсу кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес айқындалған тұлғаларды қабылдауға квота көзделген:
1) І, II топтардағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін – 1 пайыз; 2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін – 0,5 пайыз; 3) ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін – 30 пайыз; 4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін – 4 пайыз; 5) жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 1 пайыз; 6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін – 10 пайыз


2. Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын Еуразия гуманитарлық институты колледжіне оқуға қабылдаудың тәртібі
Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткізу

4. Еуразия гуманитарлық институты колледжіне тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау, түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау үшін білім беру ұйымдарының басшылары өз жұмысын 1 маусымнан кешіктірмей бастайтын қабылдау комиссиясын құрады.
Қабылдау комиссиясының құрамына комиссия төрағасы, жауапты хатшы және комиссия мүшелері кіреді.
5. Оқуға түсушілерді қабылдау нәтижесі туралы ақпаратпен оқудың күндізгі нысаны бойынша 30 тамызға дейін, сырттай оқу нысаны бойынша 30 қыркүйекке дейін ақпараттық стендіге жариялау арқылы немесе білім беру ұйымының интернет ресурсы арқылы қабылдау комиссиялары таныстырады.
6. Колледжге оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау:
1. орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына 20 - маусым мен 20 - тамыз аралығында,
2. оқудың кешкі және сырттай нысанына 20 - маусым мен 20 - қыркүйек аралығында.
7. Оқуға түсушілер білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы өтінішіне білімі туралы құжаттың түп нұсқасын, № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы флюорография суретімен (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы), 3х4 көлемдегі 4 суретті қоса береді.
Жеке басын куәландыратын құжаттарды оқуға түсушінің өзі, ата-аналары немесе заңды өкілдері ұсынады.
Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар мәртебесін анықтайтын, тұрғылықты жерге тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:
1) шетелдік - шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хат;
2) азаматтығы жоқ тұлға - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
3) босқын - босқынның куәлігі;
4) пана іздеуші тұлға - пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
5) оралман - оралман куәлігі.
Оқуға түсушілерден түскен өтініштер колледждің тіркеу журналдарына оқытудың нысандары бойынша тіркеледі.
Кешенді тестілеу сертификатын (жоғары оқу орындарына түсу үшін ағымдағы жылы кешенді тестілеуге қатысқан өткен жылдар түлектері) немесе ҰБТ нәтижелері туралы сертификатын тапсырған (ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан бітірушілер) тұлғалар түсу емтихандарынан босатылады және осы Ереженің 15-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес конкурсқа жіберіледі.
8. Түсу емтихандары орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін бағдарламалары бойынша және:
1) жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін 3 пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі;
2) негізгі жалпы білімі бар оқуға түсушілер - негізгі жалпы білімнің оқу бағдарламалары көлемінде 2 пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән);
3) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін мамандық бейіні бойынша өткізіледі;
4) мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі.
Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін бағдарламалары бойынша оқуға түсушілерге арналған түсу емтихандары әңгімелесу түрінде өткізіледі.
Колледжге түсу емтихандары түсушілердің өтінішіне сәйкес қазақ немесе
орыс тілдерінде өткізіледі. Техникалық және кәсіптік білімнің мамандық бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндер тізбесі осы Ережелердің қосымшасына сәйкес айқындалады.
9. Негізгі орта, жалпы орта білімі бар тұлғалар үшін қабылдау емтихандарының нысанын, тестілеуді немесе пәндер бойынша емтихандарды білім беру ұйымы белгілейді.
10. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің бағдарламалары бойынша оқуға түсетін тұлғалар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары 1 тамыз бен 28 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 1 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында.
Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына түсетін азаматтар үшін әңгімелесу 1 тамыз бен 28 тамыз аралығында, оқудың кешкі нысанына 1 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында өткізіледі.
Түсу емтихандарын өткізу кезінде:
1) тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының (сұрақтарының) саны 25 болып белгіленеді; әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады; тестілеуге үш пән бойынша 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша 1 сағат 30 минут беріледі; дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқтала салысымен ілінеді; тестілеу нәтижелері өткізілген күні хабарланады;
2) пәндер бойынша емтихандардың, қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша алынған «3», «4», «5» бағаларын қабылдау комиссиясы мынадай шкала бойынша: «3» - 8 балл, «4» - 17 балл, «5» - 25 балдарға ауыстырады.
11. Бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын (сұрақтарын) бағалау және пәндер емтихандары кезіндегі даулы мәселелерді шешу, түсушілердің құқығын қорғау мақсатында білім беру ұйымында апелляциялық комиссия құрылады.
Апелляциялық комиссия құрамына апелляция комиссиясының төрағасы, хатшысы және мүшелері кіреді.
Тестілеу немесе пәндер бойынша түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлға шағым білдіруіне болады.
Апелляцияға өтініш тестілеу немесе түсу емтихандарының нәтижелері
хабарланғаннан кейін апелляциялық комиссияға келесі күнгі 13 сағат дейін беріледі және бір тәулік ішінде өтініш берушінің қатысуымен апелляциялық комиссияда қаралады.
Апелляциялық комиссия шешімі комиссия құрамы тізіміндегі тұлғалардың көпшілік даусымен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда комиссия төрағасы шешуші дауыс беруге құқылы. Комиссия жұмысы төрағаның және барлық комиссия мүшелерінің қолдары қойылатын хаттамамен ресімделеді.
12. Тестілеуді немесе пәндер бойынша түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

3. Студенттер құрамына қабылдау
    
13.Колледжге білім алуға азаматтарды қабылдау конкурстық негізде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
Конкурс: ҰБТ сертификаттарының балдары негізінде; Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнына түсу үшін кешенді тестілеу нысанында өткізілген түсу емтихандарының нәтижелері бойынша берілген сертификаттар балдары негізінде; пәндер бойынша немесе колледжде жүргізген тестілеу нысаны бойынша түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған балдар (бағалар) негізінде жүргізіледі.
Қабылдау конкурсын өткізу кезінде ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттарында көрсетілген үш пәннің осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес балдар сомасы ескеріледі.
Студенттер құрамына қабылдау конкурсына қатысуға:
1) негізгі жалпы білім алғандар үшін екі пәннен 20 балдан кем, білім, құқық, экономика мамандықтары бойынша 25 балдан кем;
2) жалпы орта білім алғандар үшін үш пәннен 30 балдан кем, білім, құқық, экономика мамандықтары бойынша 35 балдан кем жинағандар жіберілмейді.
Конкурстың шарттары білім алу құқықтарын сақтауға кепілдік беруге және неғұрлым қабілетті және тиісті деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім берудің бағдарламаларын меңгеруге даярлығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиіс.
Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесулер нәтижелері ескеріле отырып, іріктеу негізінде 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында өткізіледі. Іріктеу шарттарын білім беру ұйымдары, яғни колледж белгілейді.
Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау қарастырылады:
1) күндізгі оқу нысанына - 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында;
2) оқудың сырттай оқу нысанына - 25 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.
Іріктеу шарттары Занңың 26 бабына 5 пунктіне сәйкес техникалық және кәсiптiк кадрлар даярлауда бiлiм алушылардың құрамына қабылдауға арналған конкурсты өткiзу кезiнде:
1) "Алтын белгi" белгiсімен марапатталған адамдардың;
2) тiзбесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған), орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздарының, сондай-ақ өздерi таңдаған мамандықтары олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәнiне сәйкес келген жағдайда, жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша ағымдағы жылғы Президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздарының басым құқығы бар.
Техникалық және кәсіптік бiлiм беру кадрлар даярлауға білім алушылардың құрамына қабылдауға арналған конкурсты өткiзу кезiнде
көрсеткiштер бiрдей болған жағдайда жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, үздiк бiлiмi туралы құжаттары (куәлiктерi, аттестаттары, дипломдары) бар адамдардың басым құқығы бар.
14.Колледжге қабылдауды қабылдау комиссиясы кәсіптер, мамандықтар бойынша жеке ашық отырыстарда жүргізеді.
15.Колледжге студенттерді қабылдауға қабылдау комиссиясы отырысының шешімі негізінде бұйрық шығарылады.



 

Техникалық және кәсіптік білім
беру бағдарламаларын
іске асыратын білім беру
ұйымдарына оқуға қабылдаудың
қағидаларына
қосымша №1

 

 

 Еуразия гуманитарлық институты колледжінің техникалық
және кәсіптік білім мамандықтарының бейіні бойынша жалпы
білім беру пәндерінің тізбесі


Техникалық және
кәсіптік білім
мамандығының коды
Мамандықтың
атауы
Бейіндік пән атауы:
Негізгі орта
білім (9сынып)
Жалпы орта
білім (11 сынып)
0101000 Мектепке дейінгі тәрбиелеу  
және білім беру

 Әдебиет
(оқыту тілдері бойынша)

 Биология
0111000 Негізгі орта білім беру  Математика  Математика
0507000 Қонақ үй шаруашылығына қызмет
көрсету және ұйымдастыру
 Математика  Математика
0511000 Туризм
(салалары бойынша)
 География  География
0512000  Аударма ісі
(түрлері бойынша)
 Шетел тілі Шетел тілі
1305000  Ақпараттық жүйелер
(қолдану саласы бойынша)
 Математика  Математика
0201000  Құқықтану Құқық негіздері  Дүниежүзілік
тарих
0401000 Кітапхана ісі  Әдебиет
(оқыту тілдері бойынша)
Әдебиет
(оқыту тілдері бойынша)

 

Техниқалық және кәсіптік білім
беру  бағдарламаларын
іске асыратын білім беру
ұйымдарына оқуға қабылдаудың
қағидаларына
қосымша №2

 

Еуразия  гуманитарлық  институты колледжінің  2017 -2018 оқу
 жылына оқуға қабылдау мамандықтар
(біліктілігі және оқыту мерзімі)
тізімі

 

Мамандықтын коды
және  атауы
Біліктіліктың коды
және атауы
Сроки обучения
основное
среднее
образование
(основное общее)
среднее
образование
(среднее общее)
0111000
 «Негізгі орта
білім беру»
0101013
Мектепке дейінгі
ұйымдардың тәрбиешісі
 3 жыл 10 ай  2 жыл 10 ай
0111000
 «Негізгі орта
білім беру»
0111013
Қазақ тілі мен
әдебиеті  мұғалімі
 3 жыл 10 ай  2 жыл 10 ай
0507000
 «Қонақ үй шаруашылығына
қызмет көрсету және
ұйымдастыру»

0507063
Қызмет көрсетуші  
менеджер
 3 жыл 6 ай  2 жыл 6 ай
 0507000
 «Қонақ үй шаруашылығына
қызмет көрсету және
ұйымдастыру»
050703 1
Күтуші
   10 ай
 0507000
 «Қонақ үй шаруашылығына
қызмет көрсету және
ұйымдастыру»
050704 2
Әкімшілік көмекшісі
1 жыл 10 ай
(негізгі орта Білім
беру базасында
жалпы орта
білім алусыз)
10 ай
 0511000
«Туризм
(салалар бойынша)»
 0511043
Менеджер
 3 жыл 6 ай  2 жыл 6 ай
 0512000
 «Аударма ісі
(түрлері бойынша)»
 
0512023
Гид-аудармашы
 2 жыл 10 ай  1 жыл 10 ай
1305000
 «Ақпараттық жүйелер
(қолдану саласы бойынша)»
 1305033
Техник
 2 жыл 10 ай  1 жыл 10 ай
 0201000
 «Құқықтану»
 0201023
Кенесші-зангер
 2 жыл 10 ай  1 жыл 10 ай
 0401000
 «Кітапхана ісі»
 0401013
Кітапханашы
 2 жыл 10 ай  1 жыл 10 ай